"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНДА ТҮРІК БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН (ASRIAD) КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Делегацияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркиядағы әскери атташесінің көмекшісі, подполковник Файзулла Пирназаров басқарды.

Кездесу барысында түрік кәсіпкерлеріне "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қызметі, сондай-ақ оның қатысушыларына берілетін ерекше жеңілдік шарттары таныстырылды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында түрік кәсіпкерлері "Ақтау теңіз порты" АЭА - "Азерсун өндіру және логистика орталығы" ЖШС азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймасының қызметімен танысты.

Соңында қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, "Ақтау теңіз порты" АЭА шетелдік инвесторлар үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Желілерде бөлісу:

  • 1406